Шалғай жатқан елдімекен тұрғындарын сапалы, арзан әрі қауіпсіз дәрі-дәрмекпен қамту да/ аса маңызды. Бұл - Орта Азия елдеріне ортақ мәселе. Бүгін Алматыда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының/ Еуропалық аймақтық бюросы өкілі, шетелдік сарапшылар мен отандық мамандар бас қосқан жиында осы мәселе сөз болды. Қазір, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында/ 126 ауру түрі бойынша дәрі-дәрмекті/ 4 млн-ға жуық науқас тегін алып келеді. Кеңеске қатысушылар/ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолжетімді ету, аса құнды дәрілік заттарды сатып алуды барынша жеңілдету жайын қозғады. Сондай-ақ шетелдік мамандар 1 апта бойы дәрі-дәрмектерге тиімді бағаны белгілеу, контрабандалық тауарлардың жолын кесу секілді проблемаларды қарауға ниетті.
Наташа Аззопарди-Мускат, ДДСҰ Еуропалық аймақ елдері Денсаулық сақтау жүйесі мен саясаты жөніндегі директоры:
Бүгінгі кеңесте Орта Азия елдерін алаңдататын басты түйіткілдерді тыңдадық. Негізінен дәрі бағасының қымбаттығы, оның науқастарға қолжетімді болмауы сынды өткір мәселелер бар екен. Дегенмен, Қазақстанда бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар қолға алынғанын байқадық. Әйтсе де, дәрі-дәрімектің шалғайдағы ауыл тұрғындарына да оңай жету жағын ойластыру қажет деп есептейміз.
Жазира Оразқызы