Қазақстандағы мерекелік күндер қатары толығуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы мерекелік күндер қатары толығуы мүмкін

14.04.2023

Қазақстандағы мерекелік күндер қатары толығуы мүмкін. Әскери ведомстволардың жауынгерлік іс-қимылына қатысушылардың бірыңғай күнін белгілеу ұсынылды. Бұл туралы Қорғаныс, Ішкі істер министрлігі өкілдері мен мәжіліс депутаттары қатысқан брифингте талқыланды. Жиында, ТМД сыртқы шекараларының тәжік-ауған учаскесіндегі оқиғаны құжаттай бекіту және оларды тарихи фактілер ретінде зерттеу мәселесі де көтерілді. Депутаттар осы мәселені Үкімет деңгейінде шешуге үлес қосатынын жеткізген.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:

Мәселе өте өзекті. Өйткені, өздеріңіз көріп отырсыздар жағдай өте күрделі. Сондықтан, біз өзіміздің тек жастарымызды ғана емес ересектердің өздерін патриоттық тұрғыда өткізу өте өзекті болып тұр. Сондықтан, біз бұл мәселені қолдайтын боламыз.


Хабарламаларға жазылу