Ақтөбе облысында 21 ауыл әлі жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 21 ауыл әлі жарықсыз отыр

18.04.2023

Ақтөбе облысында жарықсыз қалған 40 ауылдың 19-ына электр энергиясы берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кешегі жаңалықтарымызда қолайсыз ауа райының салдарынан облыстың 7 ауданында жарық өшкенін көрсеткен едік. Қатқан мұзды көтере алмай, электр сымдары үзілген. Кейбір елдімекендерде бағаналар құлаған. Жауаптылар кешке дейін Мәртөк ауданында жағдай толықтай қалыпқа келтірілгенін хабарлады. Қалған ауылдарда да жөндеу жалғасып жатыр. Электр энергиясы бүгін барлық ауылға толық берілуі тиіс.

Жақсылық Кемал

Хабарламаларға жазылу