Әлемдегі ең ірі мұсылман мемлекеті Индонезияда Айт мерекесіне әзірлік басталып кетті. Ел астанасы Джакартаның базарлары әдеттегіден қарбалас. Жергілікті тұрғындар мереке қарсаңында бағалардың шектен тыс өскеніне наразы. Ал саудагерлердің сөзінше, сауда пандемияға дейінгі деңгейіне әлі оралған жоқ. Өйткені ел экономикасының қарқыны баяулап барады. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Айта кетейік, Индонезияда «ид-әл-Фитр» немесе Ораза Айт мерекесі сәуірдің 22-де басталады.
Арыстан Рысбек