Әлемдегі ең алып ұшақтың ұшқышы 29 жастағы қазақ жігіті. Біржан Талғатбекұлы шетел әуе компаниясында 600 жолаушыға шақталған әуе кемесінде екінші ұшқыш. Ол Алматыдағы азаматтық авиация академиясын бітірген. Біржан әке жолын қуып, осы мамандықты таңдаған. Әкесі Талғатбек Кәмісханұлы да, зейнеткер ұшқыш. Біржан отандық әуе компанияда 7 жыл еңбек етеді. Кейін, 2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне құжат тапсырып, шақырту алған. Үш күн сынақтан өтіп, бірден жұмысқа қабылданған. Бүгінде ол әлемдегі ең үлкен Airbus 380 әуе кемесінің екінші ұшқышы.
Біржан Талғатбекұлы, ұшқыш:
Қазақстанда жинаған тәжірибе осы жақта өте маңызды болды. Интервьюға барған кезде айттым, менде әртүрлі тәжірибе бар. Тауда да, ыстық пен суықта да ұшуға тәжірибе бар дедім. Сол қатты ұнаған болуы керек оларға. Мен сәтті өттім. Әр ұшқыштың арманы – командир болу. Өзімде де сондай арман бар. Алла қаласа, екі-үш жылда командир боламын деп үміттенемін.
Ақмаржан Ғафизқызы