Өскеменде оқушы қыздың екінші бір жеткіншекті ұрып-соғып, одан соң киімін шешіп масқаралаған видеосы әлеуметтік желіде кең таралған болатын. Полиция екі қызды да анықтаған. Жәбір көрсеткен оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алайда қыздардың төбелесіне қатысты видеоны тарату әлі де тиылмай тұр. Бұл, әсіресе, жәбір көрген қыз бен оның туған-туыстарына қатты психологиялық соққы болып тиіп жатыр. Сондықтан Өскемен қаласының прокуратурасы аталған видеоны және соған ұқсас басқа да фоторолик пен оның сілтемесін таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті. Өйткені бұл әрекет зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттаған болып саналады.
Олжас Керейхан