Ресейде еңбек мигранттарының саны күрт азайды. Мәселен, 2020 жылы көрші елге 430 мыңға жуық еңбек күші келсе, былтыр 60 мыңнан асқан.
Индира Бегайдар, тілші:
Сарапшылардың пікірінше, оның бірнеше себебі бар. Ресейде экономикалық санкцияларға байланысты жалақы қысқарып, өмір сүру қымбаттады. Мәселен, азық-түлік 50-60 пайызға, техника 100 пайызға, дәрі-дәрмек құны 300 пайызға дейін өскен. Жыл сайын Ресейде 10 миллионға жуық еңбек мигранты жұмыс істесе, қазір оның саны 6 миллионға жуықтайды.
Вадим Коженов, сарапшы:
Еңбек мигранттары мемлекетке жыл сайын 60 миллиард рубль салық төлеп отыр. Оның үстіне 10-15 миллиард рубль еңбек патентін рәсімдеуге кетеді. Табыс таппасаң да, алдымен мемлекетке салық төлеуің керек. Бұл әрине жұмысшы күшінің азаюына сеп болып отыр.
Индира Бегайдар, тілші:
Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар–ақпан айларында мигранттар жасаған қылмыстардың саны 10 пайызға артып, 7 мыңға жеткен. Сондықтан елде шетелдік жұмысшыларға берілетін еңбек квотасын азайту туралы ұсыныс Парламентте қаралып жатыр. Бұдан былай еңбек мигранттарына жұмыс берушілерге салық салынуы мүмкін. «Бұл жұмыс күшінің тапшылығына алып келеді»,-дейді мамандар. Бүгінгі күні іргелес елде құрылыс, жол, көлік салаларында 200 мыңға жуық жұмысшы қажет.