Қарағанды облысында жолда қалған 63 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жолда қалған 63 адам құтқарылды

17.04.2023

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан түнде жолда қалған 63 адам құтқарылды. Қызылорда - Павлодар күрежолында автобус жиекке шығып кеткен. Ал Қарағанды – Өскемен бағыты бойынша жүретін автобус қаладан 50 шақырым ұзап барып тоқтаған. Құтқарушылар 38 жолаушыны эвакуациялады.

Сондай-ақ Алматы-Екатеринбург автобанының Теміртау қаласы маңында тағы бір автобус сынып, ондағы 25 адам қауіпсіз жерге жеткізілген. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген. Жалпы, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты Астана, Алматы, Павлодар қалалары мен Қарқаралы ауданы бағыттарына қарай жолдар жабылды. Бүгін облыстың солтүстік аумағында қар аралас жаңбыр жауып тұр.

Нұржан Жақатаев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

Қарағанды обылсының аумағында бүгінгі күнге дауылды ескерту бар. Ауа райының нашарлауына байланысты облыстағы 5 автокөлік жолдарында барлық көліктер үшін шектеу енгізілген. Елдімекендерден тыс жерге шықпаңыздар!

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу