Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында дауылды ескерту жарияланды. Жолда қалған 23 адам құтқарылды.
Мұғалжар ауданында боранда қалған үш адам Қандыағаш қаласына аман-есен жеткізілді. Сондай-ақ Самара-Шымкент автожолының 820-сыншы шақырымында автобус жолдан шығып кетіп, оның ішіндегі 20 адам Хромтау ауданының Ақжар ауылына орналастырылды. Қарлы боран салдарынан жолдарда бірнеше шақырымға созылған көлік кептелістері пайда болды. Мәртөк, Әйтеке би, Шалқар және Ырғыз аудандарында уақытша жарық өшті.
Жақсыбек Кемал