Ал Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 15-ке жуық әуе рейсі кешігіп жатыр. Барлық бағыттар бойынша жолдар жабылған. Қаланың ішінде жүрудің өзі оңай болмай тұр. Бір тәулікте 112 құтқару қызметіне 3 мыңнан астам қоңырау түскен. Қатты желден жарнама баннерлері, үйлердің қасбеттері және басқа да конструкциялар құлаған. Әсіресе, аулаларда қардан шыға алмай жатқан көлік көп. Құтқарушылар мүмкіндігінше далаға шықпауға, балаларды сыртқа қараусыз жібермей, ағаштар мен бағандарға жақын жүрмеуге кеңес береді.
Оңғар Алпысбай