Мемлекет басшысы И.Раисимен телефонмен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы И.Раисимен телефонмен сөйлесті

14.04.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен телефонмен сөйлесті. Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу