Қазақстандық зауыттарға қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық зауыттарға қолдау қажет

14.04.2023

Астанада Қазақстандық ірі мұнай компанияларының өкілдері, шетелдік мамандар және мемлекеттік орган қызметкерлері бас қосып жатыр. Негізгі көтерілетін мәселе мұнай-газ саласындадғы машина құрастыру жұмыстарын жетілдіру. Шараға қатысқан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы эфирге тікелей қосылып, толықтырсын. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Иә, «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» Заңды тұлғалар бірлестігі яғни, IMB Орталығы бірнеше жылдан бері машина құрастыруда жергілікті бөлшектердің үлесін арттыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Әуелі біздің нарық, зауыттардың мүмкіндігі мен саладағы сұраныс зерттелген. Сосын машина жасауға қажетті, ұсақ, жасалуы жеңіл бөлшектер шығаратын кәсіпорындарды толық аралаған.

Марат Кәрімов, Халықаралық машина жасаушылар одағының бас директоры:

Қазақстанда тауар шығаратын кәсіпорындардың тізімін алдық та, кім қағаз түрінде шығарам деді бәріне бардық. Оның ішінде кейбіреулері шығармайтын болды. Сатушы болып шықты. Кейбіреу шығаратын болды. Шығаратын кәсіпорындардың да деңгейін үшке бөлуге болады. Жоғары деңгейдегі, орташа деңгейдегі, төменгі деңгейдегі. Қазіргі таңда соның ішіндегі жоғары әлеуеті бар тауарларды шығаратын 6 кәсіпорынға жеке даму жоспарын дайындап біттік. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс қалған тауар топтары бойынша жүретін болады.

Әзірге таңдалған зауыттар үшін дамудың жоспары әзірленіп жатыр. Яғни, олар болашақта сапалы әрі өндірісі жылдам болуы шарт. Одан соң халықаралық деңгейдегі ірі компанияларға өнім сату үшін сәйкес сертификат қажет. Оны алу да оңай емес. Қазір келіссөздер жүргізіліп, процедурасын жеңілдету жұмыстары жүріп жатыр. Халықаралық тәжірибелерді зерттей отырып, жаңа технологиялар енгізілсе жанар-жағармай импортына тәуелділіктен арылуға және тапшылықты жоюға жол ашылады. Сондықтан мұндай форум нақты сала үшін емес, ел экономикасы үшін маңызды дейді қатысушылар.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу