Қазақстанда шағын несие беру тәртібі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шағын несие беру тәртібі өзгереді

14.04.2023

Қазақстанда шағын несие беру шарты өзгереді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, енді микроқаржы ұйымдарының жұмысы қатаңдайды.

Бұдан былай қарызын 45 күннің ішінде өтемегендерге өсімақы тәулігіне 0,8 пайыздан аспауы тиіс. Ал бұған дейін қазақстандықтар төлем мерзімінен кешіктерсе, қарыз мөлшері күнделікті 1 пайызға өсіп отыратын. Енді 63 мың теңгеге несие алғандардың жалпы өсімақысы 20%-дан, одан көп қарыз алғандардың өсімақысы 15% аспауы тиіс. Қаулы жобасы 28 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға салынды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу