Үкіметте Астанадағы ақылы автотұрақтар мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте Астанадағы ақылы автотұрақтар мәселесі талқыланды

14.04.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында «Астананың ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы талқыланды. Оны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы «Астана автотұрақ кеңістігі» серіктестігімен келісімшартқа отырған болатын. Сол құжаттың аясында тиісті заң нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу