ШҚО-да қыс қайта қаһарына мінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қыс қайта қаһарына мінді

13.04.2023

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында қыс қайта қаһарына мінді. Бұл Ұрынқай ауылындағы жағдай. Марқакөл көлінің жағасында орналасқан шағын елдімекенде кеше қар жауып, түнде қатты боран соқты. Биік таулардың ортасындағы Ақжайлау ауылында да күн райы бұзылып, ақ ұлпа басып қалған. Бұл өңірде қыс бойы жауған қар да әлі еріген жоқ. Кейбір жерде қалыңдығы әлі бір метрден асады. Ал бүгін боран басылып, күн шайдай ашылған. Дегенмен, синоптиктер мәліметі бойынша, Марқакөл өңірінде алдағы үш күнде ауа-райы тағы бұзылып, қар жауады. Түнде минус 5 градусқа дейін суытады. Ал әзірге жергілікті тұрғындар табиғаттың тосын мінезін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр. Дәл қазір, бұл ауылдардағы көрініс жазушы Оралхан Бөкейдің «Біздің жақта қыс ұзақ» шығармасындағыдай болып тұр.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу