Қостанай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескендер ұсталды

13.04.2023

Жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен. Қостанай полицейлері қылмыстық топты әшкерелеп, 5 адамды ұстады. Олар тестілеу жұмысын өткізуді ұтып алған серіктестік қызметкерлері. Адамдардан ақша алып, емтиханнан өтуге жәрдемдескен деген күдік бар. Тіпті кейбір азаматтар оған қатыспай-ақ, тиісті құжатын алған. Құқық қорғаушылардың сөзінше, осылай мыңнан астам адам куәлікке ие болды. Салдарынан аймақта жол апаттары жиілеген көрінеді.  

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу