«Самұрық-Қазына» жылдық табысының кемінде 7%-ын «Қазақстан халқына» қорына аударады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» жылдық табысының кемінде 7%-ын «Қазақстан халқына» қорына аударады

13.04.2023

«Самұрық-Қазына» жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7 пайызын аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер Үкіметтің қаулысымен бекітілді.

Еске салайық, бұл бастаманы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында тапсырған болатын. Үкімет қаулысына сәйкес, «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауы тиіс.

Бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады, олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.  

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу