Чилиде жұмыс аптасы 40 сағатқа дейін қысқармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде жұмыс аптасы 40 сағатқа дейін қысқармақ

12.04.2023

Чилиде жұмыс аптасы 40 сағатқа дейін қысқармақ. Парламент тиісті заң жобасын мақұлдады. Өзгеріс 5 жылда біртіндеп жүзеге асады. Қазір елде 45 сағаттық жұмыс аптасы бекітілген. Алдағы уақытта тұрғындарға аптасына төрт күн жұмысқа шығуға мүмкіндік берілмек. Сондай-ақ жаңа заң жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалақысын қысқартуға жол бермейді. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу