Генерал Серік Күдебаев шекараны заңсыз кескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Генерал Серік Күдебаев шекараны заңсыз кескен

12.04.2023

Қашқын генерал Серік Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткен. Мұны Бас прокуратура растады. Құзырлы орган өкілі Жандос Өмірәлиевтің сөзінше, полиция генаралының үстінен шекараны заңсыз кесу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны Бас прокуратура өз бақылауына алған. Қашқынды іздеуге тәжірибелі мамандар жұмылдырылған. Қырғыз еліне де бірлесіп іздеу туралы ұсыныс жасалған. Еске салайық, Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев, «Қаңтар оқиғасы» бойынша айыпталған еді. Кейін елден қашқан оған халықаралық іздеу жарияланды.


Хабарламаларға жазылу