Депутаттар елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесін көтерді

12.04.2023

Мәжіліс отырысында депутаттар елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселесін көтерді. Ерлан Сайыровтың сөзінше, шамамен 140-160 млрд доллар шетке кеткен. Ол жемқорлардың әлі де елде жүргенін және активтерді шетел астырғанын көріп отырмыз деді. Ал депутат Абзал Құспан елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға қатысты берілген тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, құзырлы органдардан ақпарат жариялауды талап етті. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев қазіргі таңда Еуропаның 12 елімен қылмыстық істер бойынша келісім барын айтты.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу