Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткішке жетті

12.04.2023

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын 30 млрд долларға жеткізу жоспарда бар. Былтыр бұл көрсеткіш рекордтық 28 млрд доллардан асқан. Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту өзекті. Сонымен қатар түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-сыртқы істер министрі:

Алдағы күзде Қостанай қаласында Қазақстан-Ресей өңіраралық форумын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жиынға дайындық барысы пысықталды. Сонымен қатар білім, ғылым, мәдени-гуманиталық салаларындағы әріптестік мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда іргелі жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жобасы да сәтті жүзеге асырылуда.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу