Камбоджа үкіметі телефон және онлайн алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 19 жапондықты еліне депортациялады. Мұны осы мемлекеттің полициясы хабарлап отыр.
Камбоджа Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Жапония азаматтары қаңтардың соңында оңтүстіктегі Сиануквилл қаласында жүргізілген рейд кезінде ұсталған. Содан кейін олар ел астанасына жеткізіліп, онда қамауда отырған.
Жапон ақпарат құралдарының хабарлауынша, Токио полициясы барлық 19 күдіктіні тұтқындауға ордер алды.
Арыстан Рысбек