Биылғы 3 айда 500-ден аса жемқорлық қылмысы тіркеліп, 400 адамның сыбайластық әрекеті әшкере болды. 53-і түрлі деңгейдегі басшылар. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдап, жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауға баса мән беруді тапсырды. Асхат Жұмағали сыбайластықтың алдын алу шаралары жөнінде мәлімет берді.
Асима Нұрбайқызы