Алматы облысында жеті ауылға ортақ емхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жеті ауылға ортақ емхана ашылды

11.04.2023

Алматы облысында жеті елді мекенге ортақ заманауи амбулатория ашылып, келушілерді қабылдай бастады. Бұл осы ауылдарда тұратын халықтың көптен күткен қуанышы еді. Тұрғындардың жылдар бойы медициналық көмекке мұқтаж болып келгенін айтып, өткен аптада тілшілеріміз мәселе көтерген. Бүгін олар түйіткілдің шешілуіне үлес қосқан Ұлттық арна ұжымына алғысын жеткізді. Айта кетсек, Қайнар ауылдық округіне қарасты ауылдардың халқы дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына қатынауға мәжбүр болып келген. Ондаған шақырымға созылатын жол, әсіресе, қариялар мен мүгедек кісілерді әбден қажытқан еді.

Күлшекер Әмренова, Сақтан ауылының тұрғыны:

«Qazaqstan» телеарнасына үлкен рақмет. Міне, жыламаған балаға тамақ жоқ дейді. Ауылымызға медпункт ашып, халықтың жағдайын жасап жатқанына рақмет айтамыз.

Мира Маймарова, Тереңқара ауылының тұрғыны:

Сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейін істейді. Фельдшері бар, акушер бар. Соның өзі бізге үлкен нәтиже.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу