Елордада «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты көрме ашылды

24.07.2015
Елордада  «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты көрме ашылды

Бүгін Елордада «Ғасырлардан сыр шерткен - Атырау» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Шара аясында Ұлттық мұражайда көне Гурьев қаласының құрылу тарихы мен аймақтағы аудандар туралы сыр шертетін тарихи жәдігерлер астаналықтардың назарына ұсынылды.

Олардың қатарында Аралтөбе қорғанынан табылған алтын киімді сармат көсемінің фотосуреттері мен алтын әшекейлері, сармат дәуіріндегі құмыра және қыш ыдыстар тәрізді құнды дүниелер де бар.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу