Қазақстандық студент мектептегі әлімжеттіктің алдын алатын қосымша ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық студент мектептегі әлімжеттіктің алдын алатын қосымша ойлап тапты

11.04.2023

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының бір себебі мектептегі әлімжеттік. Бұл мәселені шешу үшін АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетінде білім алып жатқан Айдана Жұмабекова «Мейірім» деп аталатын қосымша әзірлеген. Қазір оқушылар қысым көргені жайлы не ата-анасына, не мұғаліміне айтпайды. Салдары қайғылы жағдайдарға соқтырып жататыны да содан. Ал смартфонға орнатылатын бағдарлама арқылы оқушы өзін алаңдатқан мәселені бірден жеткізеді. Мұғалім де сыныбындағы ішкі ахуалды дер кезінде біліп, деректер жинай алады. Осылайша қанша оқушы өзін ыңғайсыз сезініп жүр, себебі не деген сауалдарға кедергісіз жауап алып ертерек әрекет ете алады.

Айдана Жұмабекова, Солтүстік Каролина университетінің студенті:

Еркін түрде жеткізсін деп, құпиялы түрде жасаймын деп шештім. Сонда балаға берілетін тесттің сұрақтары сені біреу мазақтады ма, қанша күн болды созып жатқанына, сен осы баланың өзімен сөйлестің бе, мұғалімге айттың ба деген сұрақтарға жауап беру арқылы мұғалім деректер жинайды, зерттеу жасайды, оны сараптайды. Кейін осы мәселенің буллингтің ең басталып жатқан кезін анықтай алады.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу