Петропавлда алаяқ адвокат сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда алаяқ адвокат сотталды

11.04.2023

Петропавлда мемлекетке 7 млн теңге шығын келтірген бұрынғы адвокат сотталды. Оған кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін көрсету,сол үшін бюджет қаражатынан төлем алу құқығы берілген болатын. Алайда оны қанағат тұтпаған адвокат қылмыстық қудалау органдары лауазымды тұлғаларының атынан жалған қаулы шығарып, ақы алып отырған. Прокурорлық тексеріс кезінде қолдан жасалған 117 құжат анықталды. Алаяқтық және ресми құжаттарды қолдан жасау – баптары бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот адвокатты үш жарым жылға бас бостандығынан және 5 жыл бойы адвокаттық қызмет көрсету құқығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу