Президенттер «Астана» Халықаралық қаржы орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттер «Астана» Халықаралық қаржы орталығына барды

11.04.2023

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Осындағы Халықаралық соттың жұмысымен танысты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт Орталық Азиядағы ағылшын құқығы нормалары мен қағидаттарына негізделген ең алғашқы сот жүйесі туралы баяндады. Орталықтың Қаржылық қызмет көрсетуді реттеу комитеті мен бизнесті дамыту жөніндегі тобының жұмысы да таныстырылды. Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының «орталықта тіркелген компанияларды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау қызметі» туралы мәлімет берілді. Іс-шара соңында Әзербайжан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу