Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бүгін Қазақстанға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді. Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.
Азамат Бейбітұлы