Қазақстанның Desht аналитикалық орталығының сарапшылары осы аптада халық арасында тұрмыс сапасы жөнінде сауалнама жүргізіпті. Олардың айтуынша, мұндай зерттеуге қатысудан бай-бағландар бас тартады екен. Жалақы бойынша мәлімет көбіне ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелерден жиналғандықтан, тұтас елдегі картинаны ашады деп айтуға болмайды. Дегенмен, орталық эксперттері келтірген дәйектер назар аударуға тұрарлық. Ұзақ, саны көп есеп формуласын бермей-ақ, шығарған қорытындысын келтірейін. Олар ЖІӨ ең жоғары көрсеткешін алып, қазақстандықтардың табысын осылайша анықтаған.
2021 жылы ЖІӨ 84 триллион теңге, немесе әр ересек азамат үшін айына 517 мың теңге болған. Осыдан аналитиктер шығарған түйін: Қазақстанда ересек азаматтар 1200 доллардан, яғни 540 мың теңгеден артық таба алмайды. Бұл – шегі. Ал бір адамға шаққандағы айлық орташа табыс 272 мың деп есептеп шығарған. 44,2 триллион теңге, яғни ЖІӨ-ң 53 проценті.
Кірістен шығысқа ойыссақ. Жұмыс беруші ұстап қалатын төлемдер бар. Олар 28 пайызды құрайды. Өзге де салық, әлеуметтік сақтандыру, қарыз сияқты шығындар бар. Ал халық қолға тиетін ақшаны ғана табыс ретінде көреді. Жыл басында Ұлттық статистика бюросы, қазақстандықтардың орташа жалақысы 338 715 теңге деп жариялағаны еске түсіп кетті... Иә, сандарға қарасақ, халықтың табысы расымен жаман емес. Тек оның басым бөлігін түрлі төлемдер жеп қоятынын ұмытпау керек.
Орташа жалақы бәлен мың, түген мың деген статистиканы жұрттың тіксініп қабылдауы да содан болар... Қағаздағы табыс пен қалтадағасы екі түрлі ғой...Жыл өткен сайын әлеуметтік теңсіздік, президенттің өзі атап өткен «бай мен кедей арасындағы алшақтық» та артып барады. Былтырдан бері қазақстандықтар табысының жартысынан астамын тамаққа жұмсайды делініп келеді. Сондықтан халықтың табысын орташа жалақыны есептеп шығарып, жалпылама баға беруден бас тартатын кез келген де шығар?! Ал жанар-жағармай бағасының өсуі онсызда шарықтап кеткен инфляцияға қалай әсер етеді? Мұны экономист Айбар Олжаймен тікелей эфирде талқылайық.
Былтыр инфляция деңгейі соңғы жиырма жылдағы антирекордқа жетті. 20 пайыздан асты. Осыған орай президент үкімет алдына жыл соңына дейін көрсеткішті екі есе төмендетуді тапсырды. Ұлттық банк үкіметтің жанар-жағармай құнын өсіру бойынша шешімін құптады, бірақ инфляция өсуі мүмкін дейді. Сіз «Харакириді қалай дұрыс жассау керек?» деген материал жариялапсыз. Сонымен, бұл мүмкін бе?
Наурызда сәл жағдай жақсарған сияқты еді?
Азық-түлік инфляциясы не болады?
Доллар өсе ме?
Жыл соңына дейінгі болжам қандай?
Альбина Әшім