Астанада республика бойынша 100 үздік ұстаз марапатталды. «Білім беру саласының құрметті педагогы» және «Оқу-ағарту саласының үздік жас маманы» байқауларының жеңімпаздарына арнайы диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Бұл шара бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – педагогтер арасында байланыс орнатып, орта білім саласындағы проблемаларды талқылау. Сонымен қатар дарынды ұстаздарды анықтау болып табылады. Байқауға қатысуға республиканың түкпір-түкпірінен 500-ге жуық өтініш түскен. Арасынан жүз мұғалім үздік деп танылды.
Салтанат Майханова, Семей қаласы №8 мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
Бұл байқауда өзімнің білім саласындағы өзекті мәселелер жайында ғылыми жобамды, эссемді және сабақ жоспарларымды қорғап, «Білім беру саласының құрметті педагогы» деген төсбелгімен марапатталып жатырмын. Әрине қуанышым шексіз.