Қазақстан шахматты дамыту орталықтарының біріне айналды. Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ ) президенті әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы шешім қалай қабылданғаны туралы сұраққа осылай жауап берді. Бұдан бөлек, Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқан еліміздің географиялық жағдайы да маңызды болған. Себебі, шахматтан әлем чемпионы атағына таласатын Ян Непомнящий - Ресейден болса, Дин Лижен – Қытай азаматы. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов еліміз бұған дейін де әлемдік деңгейдегі турнирді сәтті өткізгенін атап өтті.
Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті:
Еліміз қолда бар мүмкіндіктердің барлығын пайдаланып отыр. Шахматқа салынған инвестиция, болашаққа инвестиция деп есептейміз. Алдағы уақытта бұл спорт түрі елімізде дамып, жастардың шахматқа қызығушылығы артады деп сенемін.
Екі шахматшының жарасы ертең басталады. Олар бір ай бойы 14 партия ойнайды. Бәсеке астана уақытымен күн сайын сағат 15:00-де өтеді. Әр 2 турдан кейін шахматшыларға бір күндік демалыс беріледі. Тең түскен жағдайда жеңімпаз жылдам шахмат арқылы анықталып отырады. Бұл финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60 пайызын алса, қалғаны екінші орын алған гроссмейстерге беріледі.