Астанада шахматтан әлем чемпионы анықталады. 1 айға созылатын ауқымды шараның қазір ашылу салтанаты өтіп жатыр. Үздік гроссмейстер болуға таласатын екі шахматшы кім? Бәсеке қалай өтеді?
Айя Мүтәлі, тілші:
Бүгіннен бастап әлемдегі шахмат жанкүйерлерінің назары Қазақстанға ауатыны сөзсіз. Әлем чемпионатының ашылу салтанатына үздік ойыншылар мен Халықаралық шахмат федерациясының президенті, гросмейстерлер, атақты жұлдыздар жиналып жатыр. Жалпы чемпион атағына ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижен таласпақ. Бұл титулды соңғы 10 жылда норвегиялық Магнус Карлсен иемденіп келген еді. Гросмейстер бұл жолғы ақтық сынға небәрі 18 жасында 6-шы орынға жайғасқан вундеркинг Алиреза Фируджамен сайысқа түспесем, қатыспаймын деп бас тартты. Нәтижесінде, Карлсеннан кейінгі үздік екі шахматшы бақ сынайтын болды.
Непомнящий мен Лижен бұған дейін 39 рет ауқымды байқауларда қарсылас болған. Мұндай додаларда әдетте ресейлік ойыншы басым түскен екен. Жалпы екі үздік шахматшының жарысы 9 сәуірде, яғни екі күннен кейін басталады. 1 ай бойы 14 рет партия ойнайды. Бәсеке астана уақытымкн күн сайын сағат 15:00-де өтеді. Әр 2 турдан кейін шах¬мат¬шыларға бір күндік демалыс беріледі. Тең түскен жағдайда жеңімпаз жылдам шахмат арқылы анықталып отырады. Бұл финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады.