Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, өнім шығара бастады. 23 күн ішінде мұнай айдау, дизель отыны мен керосинді гидро тазарту, қондырғылардың жекелеген бөлшектері ауыстырылған. Жөндеу жұмыстарына 22 мердігер ұйым мен мыңнан астам маман жұмылдырылды. Жоспарға сай Шымкент мұнай өңдеу зауыты биылғы сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеуі қажет. Одан 110 мың тонна бензин, 114 мың тонна дизель отыны алынбақ. Мұнан бөлек сұйытылған мұнай газы мен әуе отыны және мазут өндіріледі.
Ғани Қалмаханов