Елде бензин мен дизель отынын экспортына тыйым салынғанына қарамастан, оған бағынбай жатқандар көп. Мемлекеттік кірістер комитеті небәрі екі айдың ішінде елден сұйық отынды заңсыз шығарудың 288 дерегін тіркеген. Қазір жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 94 фактісі бойынша, сот кінәлілерге 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Бұдан бөлек, 2 мың 341 литр бензин мен 25 мың 335 литр дизель отынын тәркіленген.
Асылбек Данияр