Қостанай облысындағы Қарамырза ауылында жағдай бүгін тұрақталды. Барлық үйлер судан құрғатылып, тұрғындар баспаналарына орала бастады. Су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді. Естеріңізге сала кетейік, Тінтуір өзені арнасынан асып, салдарынан Қарамырза ауылында 35 үйге су кірген еді. Адамдар аман, мал шығыны жоқ. Баспаналар қатты зақымданбаған, тұруға жарамды. Жергілікті билік өкілдері үйлерді қалпына келтіріп шығынды өтеуге көмек көрсетіледі деп отыр.
Дәурен Әбдібек