АҚШ-та «Джексон-Вэник» заң жобасы қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Джексон-Вэник» заң жобасы қайта қаралады

07.04.2023

АҚШ Конгресі биыл Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою туралы заң жобасын қайта қарайды. Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, бұл соңғы 30 жыл ішіндегі 12-ші әрекет болмақ. АҚШ-тың Сауда заңындағы шектеулер Қазақстан кәсіпкерлеріне Америкамен бизнес жасауға кедергі болып тұр. Себебі 1974 жылы Конгресс депутаттары еврей қауымдастығы өкілдеріне қысым көрсеткен және қоныс аударуға бөгет болған мемлекеттермен сауда жүргізбеу туралы түзету енгізген еді. Десе де, Қазақстанда дініне не ұлтына байланысты алалау жоқ. Солай бола тұра, АҚШ Конгресі соңғы 30 жылда осы түзетуді алып тастауға бағытталған 11 заң жобасын қабылдамай қойған. Алайда Қазақстан дипломатының сөзінше, осы жолы конгрессмендер екі ел арасындағы өзара байланысқа сызат түсіріп тұрған шектеудің күшін жояды деп үміттенеді.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу