АҚШ-та жүздеген банк банкроттыққа жақындап қалды. Мұны 2008 жылғы дағдарыстың болатынын болжаған әйгілі америкалық экономист Нуриэль Рубини мәлімдеді. Ол жақында жариялаған мақаласында Құрама Штаттардағы банктердің құнды қағаздар саудасында 620 миллиард доллар жоғалтқанын атап өтті. Сонымен қатар, экономист АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі банк активтерін құнсыздандырып жатыр деп есептейді. Маманның ойынша, несие үстемесін бағаны тұрақтандыру мақсатында жоғарылату- экономиканы рецессияға ұшыратады. Және жұмыссыздар санын көбейтіп, елдің қаржылық жүйесін тұрақсыздандыруы ықтимал.
Арыстан Рысбек