Саран қаласының бұрынғы әкімі және энергетика министрінің экс-орынбасары Анатолий Шкарупа заңсыз қылмыстық іс қозғалғаны үшін қаржы министрлігінен моральдық өтемақы ретінде 10 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы Астана қаласы Есіл аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Шенеунік 2018 жылы «бюджет қаржысын жымқырды» деген айыппен ұсталған еді. Оған Саран қаласында жылу есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға бөлінген 215 млн теңгені ұрлады деген.
Шерхан Жамбылұлы