Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суы республикалық маңызы бар жолдарды шайып кетті.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, Рузаевка ауылына жақын жердегі, Көкшетау-Рузаевка тас жолы мен «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 809-шы шақырымын су басқанын хабарлады. Тасық судың ұзындығы – шамамен 30-40 метр, биіктігі – 6 сантимерге дейін жетеді. Қазір су толған аумақтарға дабыл бағандары орнатылып, жол қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Асылбек Данияр