Италияның бұрынғы премьер-министрі С.Берлускониден лейкемия анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның бұрынғы премьер-министрі С.Берлускониден лейкемия анықталды

06.04.2023

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониге «лейкемия» диагнозы қойылды. Мұны «Коррера де ла Сера» газеті хабарлап отыр. Бұған дейін оның Миландағы Сан-Раффаэль ауруханасына түскені белгілі болған еді. 86 жастағы Берлускони Италия үкіметін үш мәрте басқарды. Ол госпитальге өзге ауруының асқынуынан түскен. Тағы бір айта кететін жайт, әйгілі миллиардер және медиамагнат көптеген жылдар бойы кардиостимулятор қолданып келеді. Жүрегіне ота жасатып, қуық асты безінің қатерлі ісігін де жеңгені белгілі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу