Алматыда жалған банкноттарды сатқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалған банкноттарды сатқандар ұсталды

06.04.2023

Алматыда 10 мың теңгелік жалған банкноттарды сақтаумен және сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген тінту барысында жалған ақшалардан бөлек, ұялы телефондар мен өзге де заттай айғақтар анықталып, тәркіленген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу