2025 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

06.04.2023

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы алдағы екі жылдың ішінде ашылуы тиіс. Бұл жайлы арнамызға сұхбат берген Қазақстанның АҚШ Төтенше және Өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев айтты. Президент былтыр Нью-Йоркке барған сапарында Үкіметке тез арада тікелей әуе қатынасын ашу туралы тапсырма берген. Бұл орайда дипломат ұлттық әуе компаниясы ұзақ қашыққа ұшатын үш Dreamliner ұшағын сатып алу жөніндегі келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Енді Қазақстанның азаматтық авиация құрылымдары, әуе компаниялары мен әуежайлар АҚШ Федералдық Авиация Әкімшілігінің талабына сай сертификациядан өтуі керек.

Ержан Ашықбаев, Қазақстанның АҚШ Төтенше және Өкілетті елшісі:

Бұл жұмыс қолға алынды. Тиісті қолдау да қамтамасыз етілді. Техникалық көмек тартылып жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу