Алматыда 50 жас сарбаз Қарулы күштер қатарына қосылды. 28 панфиловшылар саябағында өткен шарада әскери оркестрдің сүйемелдеуімен патриоттық әуендер шырқалды. Алматы қалалық гарнизонының әскери қызметкерлері, Бауыржан Момышұлы атындағы Жас Ұлан Республикалық әскери мектебінде білім алушылар мен Жас сарбаз әскери-саяси қозғалысындағы балалар өнер көрсетті. Сапқа тұрған жас сарбаздар енді Қорғаныс министірлігінің әскер бөлімдерінде, мемлекеттік күзет қызметінде мерзімді әскери қызметін өтейді. Сондай-ақ, Ұлттық Ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметтерінде борышын атқармақ.
Фархат Қалибекұлы, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы:
Бүгін Қарулы күштеріне 50 адам жібергелі тұрмыз. Олар Талдықорған қаласындағы десантты шабуылдау жасағына барады. Шараның мақсаты - жастар арасында үгіт-насихаттау жұмысын жүргізу.
Нұрсұлтан Тілектес