Израильдегі мешітте рейд жүргізіліп, 350 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдегі мешітте рейд жүргізіліп, 350 адам тұтқындалды

06.04.2023

Таяу Шығыста жағдай ушығып тұр. Израиль қауіпсіздік күштері Иерусалимдегі «әл-Ақса» мешітінде рейдтік тексерулер жүргізіп, 350 адамды тұтқындады. Полицейлер түн ішінде ғимаратқа басып кіріп, мінәжат етушілерді эвакуациялауға тырысқан. Сол сәтте палестиналықтар қарсылық көрсетіп бақты. Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары мешіттен насихатшыларды шығару үшін осындай әрекетке барған. Ал арабтар намаз кезінде мұндай операция жүргізуге наразы. Болжамдарға қарағанда бұл жанжал ауқымды соғысқа ұласып кетуі мүмкін. Қазір оның салқыны исламшылар бақылауындағы Газа секторына да тарады. Ондағы тұрғындар Израильмен арадағы шекарада дөңгелектерді өртеп, шеруге шығып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу