Польша Украинаға әскери ұшақтар мен брондалған машиналар, сондай-ақ, зеңбіректер мен зымырандық кешендер беретін болды. Мұны президент Владимир Зеленский Варшаваға сапарында мәлімдеді. Зеленский мен поляк премьер-министрі Матеуш Моравецкий Польшада оқ-дәрі мен қару-жарақ шығаратын бірлескен кәсіпорын құру мәселесін де талқылады. Болжамдарға қарағанда Украина алдағы уақытта Ресей армиясына қарсы қарымта шабуылдарды бастайды. Сол үшін Киев Батыстан F-16 тәрізді жойғыш ұшақтарды да сұрап отыр. Тағы бір айта кететін жайт, Польша Украинаның жақын одақтасы. Сондықтан, ол NATO Альянсынан Украинаға негізгі жауынгерлік танктерді жеткізу мәселесін шешуге ықпал етті.
Арыстан Рысбек