Жетісу облысының Көктал полигонында «Батыл тойтарыс» республикалық оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының Көктал полигонында «Батыл тойтарыс» республикалық оқу-жаттығуы өтті

05.04.2023

Жетісу облысының Көктал полигонында еліміздің күштік құрылымдарының қатысуымен «Батыл тойтарыс» республикалық, тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Шекарашылар, ұлттық ұлан, десантты-шабуылдау әскері, әуе қорғаныс күштері қатысқан ауқымды шарада Ұлттық әскердің әлеуеті айқындалды.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Оқу -жаттығудағы оқиға желісі бойынша ең алдымен бір топ мұздай қаруланған террорист шекарадан өтіп кетеді. Оларды ол жерде бірінші болып шекарашылар қарсы алып, оқтың астына алады.

Террористердің көзін жойып, тірісін тұтқындап жатқанда тағы бір топ шартты түрде айтқанда елді-мекенді басып алды. Келіссөздер жүргізіп, кепілге алынған бейбіт тұрғындар босатылғаннан кейін күштік құрылымдар қаскөйлер жасырынған жерді шабуылдайды.

Әскери ауыр техника, артилерия соққыларынан кейін әуе қорғаныс күштері іске кірісті. Тікұшақтар мен Су-30 см жойғыш ұшақтар нысаналарды әуеден атқылады.

Жаттығудың екінші кезеңінде десантшылар парашютпен секіріп, негізгі күштердің шабуылдауына жағдай жасайды. Үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде жау толығымен жойылып, тапсырма ойдағыдай орындалды.

Бейбіт Аманқалиев, 32/363 Әскери бөлімінің командирі:

Бірінші біздің әскерилердің мақсаты жаудың тылына секіру жасап, сол жақтан, тылдық жағынан шығу. Біздің әскерилердің міндеті солай болды.

Оқу-жаттығу барысында қарулы күштердің заманауи қару-жарақтары мен әскери техникасы қолданылды. Мәселен мына ұшқышсыз ұшу аппараттары 5 келіге дейін оқдәріні кез-келген жерге дөп тастауға мүмкіндік береді. Батыл тойтарыста қазіргі уақыттағы әскери қақтығыстардың тәжірбиесі ескеріліп, елді-мекендердегі ұрыс жүргізу іс-қимылдары пысықталды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу