Алматыда дизель отынын сатуға шектеу қойылды. Себебі, соңғы аптада қала мен облыста солярка тапшылығы байқалған. Бар болғанның өзінде қолма-қол ақшаға сатылмайды. Бірқатар жанармай құю станциялары талон арқылы беруге көшкен. Кейбіреуінде мүлдем жоқ дейді жүргізушілер.
Мамандар мұны жанар-жағармайға сұраныс тым артып кеткенімен түсіндіреді. Тұтыну мөлшері бірден 30-35 процентке өскен. Солярканың уақытылы жеткізілмеуі де тапшылыққа әкелген. Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта ірі жанармай құю стансалары мен мұнай базаларында 9 мың тоннаға жуық дизельдік отын бар. 4-5 күнде тағы 5 мың тоннасы жеткізіледі. 15 наурыздан бастап Шымкенттегі зауыттың жөндеу жұмыстарына жабылуы да әсерін тигізген.
Қайрат Нұрқасымов, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл жабылу бойынша кішкене дефицит болып тұр. Соны реттеу үшін басқарма ретінде, акимат ретінде КТЖ мен бірлесіп қазіргі таңда Атырау және Павлодар зауыттарынан дизель отынын тез Алматыға, жеделдету жұмыстарын дизель отынын дефицит болмауына сәйкес жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Қуан Нұрақын