Әлихан Смайылов: Үкімет жанармай бағасын қымбаттатуға мәжбүр болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Үкімет жанармай бағасын қымбаттатуға мәжбүр болды

04.04.2023

Үкімет жанармай бағасын қымбаттатуға мәжбүр болды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Оның сөзінше, біздегі арзан отынды өзге елдің азаматтары түрлі тәсілмен сыртқа тасып жатыр. Заңсыз шығарып жатқан деректер де бар көрінеді. Егер бұлай жалғаса берсе, бір айдан соң, егіс науқаны кезінде өзімізде жанармай тапшылығы болуы ықтимал деді,- Үкімет басшысы. «Бізде дизель отынының құны литріне 230-260 теңге, Ресейде 345, Өзбекстанда 480 теңге. Сондықтан, бағаны біртіндеп теңестіруден басқа амал жоқ. Ал бағаның өсуі - алдағы егіс науқанына, диқандарға әсер етпейді»,- деді ол.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге көктемдегі егіс үшін арзандатылған дизель отыны толығымен бөлініп отыр. Биыл көктемге 413 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға көп. Және оның бағасы орташа 204 теңгені құрайды. Және бұл баға өзгермейді.

Әлихан Смайылов

Хабарламаларға жазылу