Кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтірген 47 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында агенттік жыл басында «Бизнеске жол» жобасын іске қосқан болатын. Ол кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба аясында 7 мыңнан аса кәсіпкермен кездесіп, олардан 600-ге жуық өтініш қабылдаған.
Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:
Қабылданған шаралармен сыбайлас жемқорлық фактілері жойылып, 6 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, Антикор кәсіп бастағысы келгендерге тұсау болатын, қолдан жасалып отырған проблема - жер беру деді. Қазір барлық өңірлерде әкімдіктер жерді жалға алу мерзімін ұзарту мәселелерін жер комиссияларының қарауына шығарды. Бірақ талап заңмен қарастырылмаған. Бұл әкімдік қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсінбеуінен болып отырған қателік. Сондықтан агенттік Жер ресурстарын басқару комитетінен Жер кодексінің ережелерін түсіндіруді сұрады.
Асылбек Данияр